spot_img
19 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысының полицейлері жеңгетайлық жасады деген күдікпен 50 жас шамасындағы әйелді анықтады

Түркістан облысының полицейлері жеңгетайлық жасады деген күдікпен 50 жас шамасындағы әйелді анықтады

Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жеңгетайлық фактісінің жолын кесті.
Мәселен полицейлер мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, Арыс қаласының сауналарының бірінен жергілікті тұрғын 50 жас шамасындағы әйелді ұстады.
Жедел уәкілдер тексеру кезінде 20 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат пен басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеп алды. Сондай-ақ Қазақстанның Республикасының 4, Өзбекстан Республикасының 1 азаматы, ең кішісі 25 жастағы жеңіл жүрісті қыздар анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл факт ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігі “Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық” бойынша тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Сондай-ақ полицейлер 9 жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке қойды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға