Алматыдағы хостелден өрт шықты. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Әсем Садықова өрттен кейін ұлын таба алмай қалған.Ол Massaget.kz тілшісіне колледжден хабарласып, ұлы қаза тапқандардың тізімінде екенін айтқан.
Әсем Садықованың ұлы Сунат 22 жаста. Ол 1 ай бұрын бұл хостелге көшіп келген.
“Осы жерде 1 ай ғана тұрды. Колледждегілер маған барлық ақпаратты жіберді. Негізінен оқуды 2 жыл бұрын бітірген. Қазір жұмыс істеп ж.рген. Балам 2001 жылғы еді. Колледждегі оқытушы хабарласып айтты. Кеше ғана сөйлескен едік. Кеше 6-да қоштастық. Бірге жұмыс істейміз. Басшылар ұлыңыз жұмысқа келген жоқ деді, сол кезде колледжден хабарласты. Оларға білім бөліміндегілер айтқан. Баламның қайда екенін білгім келеді. Қате кеткен шығар. Не болғанын білмеймін. Хабар 10:40-та келді. Сатушы-менеджер болып істейтін. Маған “мама, 25 мың теңге төлеп, досыммен бірге тұрамын” деді. Тұңғышым, әкесімен ажырасып кеткенбіз”, – дейді әйел.