spot_img
-6.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматыда 13 адам қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда 13 адам қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды


Алматыда 13 адам қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды.

“Алдын ала мәліметтер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған. Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр. Бұл объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы 457 шаршы метр болады”, – делінген хабарламада.

Алматы қаласы ТЖД осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық істі тіркеді.

Соңғы мақалалар

Оқуға