4 желтоқсан күні Алматыда «Turktime: түркі мемлекеттерінің медиа бірлігі» тақырыбына ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өтеді. Форумның ұйымдастырушылары – «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA), серіктесі – «Шеврон» компаниясы.
Форум аясында «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг ұйымдастырылады. Сонымен қатар «Halyk bank» АҚ серіктестігінде 7 жылдан бері өткізіп келе жатқан қаржы тақырыбындағы «Еркін сөз» бен «Шеврон» компаниясының «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатын өткізу жоспарланған. Байқау жеңімпаздарын марапаттау кезінде қазақ журналистикасының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар Жолдасбек Дуанабай, Айнұр Сыдықова, Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлықтар табысталады. Жеңімпаздарды белгілі қазақстандық журналистер мен кәсіби сарапшылардан құрылған Қазылар алқасы анықтайды.
4 желтоқсан күні «Turktime: түркі мемлекеттерінің медиа бірлігі» тақырыбына ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өтеді. Форумға Қазақстанның барлық облыс, аудандарынан, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Британия, Нидерланд елдеріндегі түркітілдес БАҚ басшылары, журналистер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО журналистика факультеттерінің декандары мен оқытушылары қатысады.
Форумда отандық және шетелдік медиа сарапшылар Түркі мемлекеттерінің ақпараттық ынтымақтастығы, кәсіби этика, құқық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар контентті монетизациялау мәселелері, жасанды интеллект трендтері мен оны медиа кеңістікте қолдану тақырыбы талқыланып, тренинг өткізу көзделіп отыр.
«Turktime: түркі мемлекеттерінің медиа бірлігі» тақырыбындағы ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына www.mediaforum.kz сайты арқылы тіркелуге болады.
Өтетін орны: «Regardal hotel» (Алматы қ. Пожарский көшесі, 1).
Толық ақпарат: +7 775 166 8920.