spot_img
4 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Уақыттан тыс. Эмоциялар мен екпіндер» атты көрме өтті

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Уақыттан тыс. Эмоциялар мен екпіндер» атты көрме өтті

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Уақыттан тыс. Эмоциялар мен екпіндер» атты көрменің  салтанатты ашылуы өтті. Аталмыш көрмеде алыс-жақын шет ел суретшілерінің жұмыстары ерекше орын алады. Атап айтқанда: Адриана Сеттер (Испания), Сабрина Пуппин (Италия), Анита Алабау (Франция), Али Сун Су (Оңтүстік Корея), Керн Экстром (Дания), Стефан Бейу (Молдова), Гай Мено (Лондон), Натали Эггер (Австрия), Хироси Ямаока (Жапония), Кристин Эль Охейл (Ливан, БАӘ), Томас Фолкнер (Германия), Раду Плаитный (Молдова), сондай-ақ Қазақстанның танымал суретшілері —  Бақытнұр Бурдесбеков, Бибігүл Смақова, Ақжан Айкинбаева, Маржан Бақытбекова, Гүлнар Табанова, София Грудцына, Вячеслав Ли және Елена Фурса, Рахат Сапаралиева.

Көрмені Орталық музей директорының орынбасары Сержан Бараханұлы ашып, көрме ұйымдастырушыларын алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері Екатерина Резникова, Мәдениет қайраткері Гүлнар Табанова, белгілі суретшілер Вячеслав Ли, Елена Фурса сынды танымал өнер қайраткерлері сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Көрме аясында итальяндық-молдавиялық суретші Раиса Амбростың «Менің шексіздігімнің түстері» және корей фотографы Ён Сун Судың «Менің жаным мен табиғат арасындағы қашықтық» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме 2023 жылдың 21 қарашасына дейін жалғасады.

Соңғы мақалалар

Оқуға