spot_img
-1.1 C
Алматы
Басты бетӘлемдеЕлімізде COVID-19 жұқтырғандар саны артып жатыр

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны артып жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі-бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Бүгінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тамызбен салыстырғанда қыркүйекте COVID-19 жұқтырғандардың саны бойынша өсім бар. Биыл тамызда коронавирус жұқтырудың 300-ден аса дерегі, ал қыркүйекте 500-ге жуық дерек тіркелді. Бірақ бұл жағдайларды былтырмен салыстыруға келмейді. Себебі былтыр осы кезеңде вирусты жұқтырудың 411 мың дерегі тіркелген. Қазіргі сандар тұрақты”, – деді бас санитар дәрігер Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң.

Оның пікірінше, ДДСҰ коронивиустың жаңа штамдарының таралуын бақылап отыр.

“Қазір жаңа штамдарды жұқтырып ауруханаға түсу, қайтыс болу деректері тіркелмеді. Жалпы жағдай тұрақты. Биыл қыркүйектегі жағдайға тоқталайын. Елімізде әлі Омикрон-штамы мен оның бірнеше түрі 100 пайыз тарап жатыр, коронавирустың жаңа “Эрис” штамының тарауы – 25 пайыз”, – деді Қазақстанның бас санитар дәрігері.

Қазір Қазақстан бойыша COVID-19 жұқтырғандардың аз бөлігі ғана ауруханада емделіп жатыр.

“Біз ауруханаға жатқызылғандар мен аурудан қайтыс болғандар санының артқанын көрмедік. Еліміз бойынша COVID-19 жұқтырды деген диагнозбен 23 адам ауруханада емделіп жатыр. Жағдайы ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар жоқ”, – деді Айжан Есмағамбетова.

Соңғы мақалалар

Оқуға